Бет
Құрметті оқырман!
Адамзат қоғамының қалыптасуы одан әрі өсіп өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше. Екінші жағынан – ғылым қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Адамның айналасындағы білімді танып білуі күрделі қайшылыққа, ұзаққа созылатыны және адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені белгілі. Ғылым мен білім – ел дамуының, өркендеуінің өзегі екенін әлем әлдеқашан мойындаған аксиома. Ғылым – қоғам дамуындағы үлкен қозғаушы күш екені белгілі. Ел ғылымын дамытудағы ғалымдардың ғылыми жетістіктерін тәуелсіздіктің жемісі деп бағалауға әбден болады. Қазақстан дамуы жолында ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Біз өмір сүріп отырған кезең бұл – жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Бүгінгі таңда ғылымда болып жатқан өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Ғылым мен білім саласы жылдан жылға жақсарып жаңа нәтижелерге қол жеткізу үстінде. Десек те, жалпы қазақ ғылымы өзінің түп тамырын, ежелгі заманнан бастағаны бүгінгі зиялы қауымға аян.
Медицинаның дамуы жалпы әлемдік ғылымның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазір қазақ медицина ғылымы даму жолында деп айтуға болады. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Бүгінде бүкіл әлемнің көзі ғылыми және инновациялық медицинаның даму қарқынына көзделуде.
Қазақстанда соңғы жылдарда ғылым және білім беру қауымдастығы арқылы халықаралық медицина ғылымына енуге талпыныстар тізбегі жалғасуда.
Дегенмен, халықаралық деңгейге шығу үшін Қазақстандағы медицина ғылымының жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттары мыналар болуы керек: жаңа технологияларды енгізу, жаңа ғылыми білімдерді алу, медицина ғылымының ұлттық және аймақтық басымдықтарын анықтау, медицина ғылымының жаңа технологияларын енгізу, медицина ғылымының жүйесін дамыту үшін барлық ресурстарды жұмылдыру, ғылыми ресурстарды тиімді пайдалану.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін белгілі мәліметтер базасы арқылы халықаралық ғылыми медициналық зерттеулерге қолжетімділікті кеңейту мәселелері өзекті болып отыр. Халықаралық қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келетін ғылыми медициналық зерттеулер жүйесін құру Қазақстанға тұтастай алғанда елдің, атап айтқанда, медицина ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қолдарыңызда «ĞYLYM ALIANSY» атты жаңа ғылыми - практикалық журналдың бірінші басылымы.
Журналдың негізгі мақсаты – оқырманды медицина, медициналық білім, жаратылыстану, гуманитарлық, биотехнология және медициналық мамандықтар саласындағы мамандардың ғылым мен тәжірибе саласындағы жетістіктері туралы ақпараттандыру болып табылады.
«ĞYLYM ALIANSY» жаңа ғылыми-практикалық журналы еліміздің ғылым қоғамдастығы өміріндегі айтулы оқиғаға айналады, жаңа даму бағыттарын ашады, ғылыми пікірталас сапасына биік меже қояды, сонымен қатар өз авторлары мен оқырмандарын тауып, беделді ғылыми ақпараттық ресурсқа айналады, Қазақстанда және халықаралық ғылыми дәйексөздер индекстерінде лайықты орын алады деп шын жүректен үміттенеміз...
Рецензияланған ғылыми-практикалық журнал
GYLYM Alliance журналы медицина, фармация және медициналық білім беру тақырыптарына бағытталған. Журналда түпнұсқа мақалалар, шолулар, клиникалық жағдайлар, Медициналық Білім және медицина тарихы туралы мақалалар жарияланады.
Абилов Талгар Сатыбаевич
Ұ.М. Эргашев, С.Қ. Қожантаева
Ә.Ұ. Шамидолла, И.Т. Абдикадирова, Г.С. Куспангалиева
Г.А.Қазбекова, К.К.Қангужиева, К.А.Ахметова, С.Ж.Ахметова, А.Р.Қалиев
Г.М.Жармаханова, А.Н. Бекниязова , А.Р. Гарифоллин, А.Н. Енсеп, Л.М.Сырлыбаева, В.И.Кононец, Г.М.Айткалиева, Н.А.Мусрепова, С.М.Есенаманова
Д.Е.Куанова, Ж.Ш.Тлегенова
Ермағамбетова А.П., Қабдрахманова Г.Б., Мусина А.З., Қайыржанов Р.Б. , Жанұзақова М.М., Мирова Н.О. , Урашева Ж.У.
Д.Т. Бегалина, Н.А. Абенова, Г.С. Дильмагамбетова, М.Б. Ахметжанова
Шевлюк Н.Н., Адайбаев Т.А., Көмекбай Ж.Е., Егембердиева Р.Е., Темирова Г.А., Бердалинова А. К., Ахаева А.Е.
Аннотация
Бұл мақалада үздік тәжірибе орталығын енгізудің маңызы, оның ұйымдардың тиімділігін арттырудағы рөлі және практикалық қолдану тәсілдері талқыланады. Үздік тәжірибе орталығы – бұл ұйым ішінде инновацияларды дамыту, біліммен бөлісу және үздік тәжірибелерді қолдану арқылы тиімділік пен сапаны жақсартуға бағытталған платформа.
Аннотация
Өзектілігі. Аурулардың дұрыс диагностикасы нәтижелі емдеу мен медициналық көмек нәтижелерін жақсартуда маңызды рөл атқарады. Мақсаты – клиникалық және патологоанатомиялық диагноздар сәйкестігін бағалау, ықтимал сәйкессіздіктер себептерін анықтау және диагностика мен медициналық қызметтер сапасын жақсарту.
Аннотация
Зерттеудің мақсаты. COVID-19 инфекциясымен ауырғаннан кейінгі ерлердің шәует сұйықтықтарының негізгі көрсеткіштерін зерттеу.
Зерттеу әдістері. 48 ер адамның шәует сұйықтығына талдау жасалды. Олардың 26-сы анамнезінде COVID-19 жұқтырған және инфекцияның зертханалық растамасы бар ер
Аннотация
Мақсаты. Церебральді сал ауруының (ЦП) әртүрлі клиникалық нысандары және аналарының акушерлік және гинекологиялық ерекшеліктері бар 128 педиатриялық пациенттердің клиникалық-анамнестикалық деректеріне екі кезеңді кластерлік талдау жүргізу, СП бар балалардың патогенетикалық фенотиптерін анықтау. Ананың негізгі сипат-тамалары (жасы,
Аннотация
Өзектілігі. Сот-медициналық сараптама барлық сот сараптамалары өндірісіндегі күрделі зерттеу болып саналып, Қазақстан Республикасында жалпы сараптама өндірісінің 75-80% құрайды. Соның ішінде жол – көлік оқиғасына байланысты жүргізілетін сот-медициналық сараптамалардың күрделілігі, сарапшы мамандарға үлкен жүктеме тудырып,
Аннотация
Бұл мақала Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің көрнекті түлегі, профессоры Бекболат Құлжанұлы Жолдиннің 75 жылдық мерейтойына арналған. Б.К. Жолдин 1979 жылдан бері өзі білім алған университетте қызмет етіп келеді. Ол ассистенттік қызметтен бастап, доцент, дәрігерлер біліктілігін жетілдіру факультетінің деканы, №2