Вольф-паркинсон-уайт синдромы бар науқаста радиожиілікті абляция процедурасы кезінде миокард инфарктісінің дамуы: клиникалық жағдай

Автор(лар):

Д.Е.Куанова, Ж.Ш.Тлегенова

Жұмыс орны:

  • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан
  • Библиографиялық сілтемесі:

    Куанова Д.Е., Тлегенова Ж.Ш. Вольф-паркинсон-уайт синдромы бар науқаста радиожиілікті абляция процедурасы кезінде миокард инфарктісінің дамуы: клиникалық жағдай. Ğylym aliansy. 2024;1(3):

    Аннотация
    Толық текст
    Авторлар
    Әдебиеттер тізімі
    Қосымша файлдар

    Аннотация

    Радиожиілік абляциясы (РЖА) - пароксизмалды тахикардияларды радикалды емдеудің тиімді және аз инвазивті әдісі. Алайда, сирек жағдайларда РЖА-дан кеін миокард инфарктісі (МИ) сияқты асқыну пайда болуы мүмкін.

    Зерттеу мақсаты. Вольв-Паркинсон-Уайт синдромы бар наукаста РЖА кейін МИ дамуының клиникалық жагдайын ұсыну.

    Зерттеу әдістері. 32 жастағы ер адам жүрек қағуының жиі ұстамаларына байланысты жоспарлы түрде ауруханаға түсті. Электрофизиологиялық зерттеу кезінде оң жақ төменгі парасепталды локализациядағы қосымша өткізгіштік жолы анықталды. Науқасқа РЖА жүргізілді. Процедурадан кейін науқаста төс артында ауырсыну, ЭКГ-де ST сегментінің көтерілуі және тропонин деңгейінің жоғарылауы ИМ клиникасы дамыды. Коронаро- ангиография оң жақ коронарлық артерияның (КА) дистальды үштен бір бөлігінде 60-65% стенозды анықтады, басқа КА-ларда обструктивті зақымданулар болмады. 7 күннен кейін науқас қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

    Біз PubMed, Google Scholar, Web of Science, Scopus және РИНЦ дерекқорларында «WPW синдромы», «радиожиілік абляциясы», «миокард инфарктісі» түйінді сөздерімен жарияланымдарды іздедік.

    Зерттеу нәтижелері. РЖА-дан кейінгі МИ даму ықтималдығы 0,06% -дан 0,1% -ға дейін бағаланады. Сарапшылар бұл асқынудың бірнеше мүмкін механизмдерін болжайды: коронарлық спазм, КА эндотелийінің термиялық зақымдануы, бұл жедел тромбоздың дамуына әкеледі. КА зақымдану қаупі жоғары энергияның ұзақ әсер етуі және РЖА-ны коронарлық синустың жанында жүргізу кезінде артады. Егер КА-дан абляция аймағына дейінгі аралық 2 мм аз болса, КА зақымдану ықтималдығы 50%-ға дейін артады.

    Қорытынды. РЖА-дан кеінгі МИ коронарлық синус аймағындағы араласулар кезінде жиі кездеседі. Оператордың тәжірибесі, аритмия субстратының егжей-тегжейлі картографиясы, абляция техникасы МИ алдын алудағы негізгі факторлар болып табылады. КА зақымдаған жағдайда КАГ орындау қажет.
    негізгі сөздер: радиожиілікті аблация, Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы, инфаркт миокарді

    Толық текст

    Куанова Д.Е. - https://orcid.org/ 0009-0007-2804-3431

     Тлегенова Ж.Ш. - http://orcid.org/ 0000-0002-3707-7365, SPIN 8403-4695

    Әдебиеттер тізімі

    Қосымша файлдар