«ĞYLYM ALIANSY» журналының редакциялық саясаты
«ĞYLYM ALIANSY» журналының медицина, фармация және медициналық білім бойынша тематикалық бағыты бар.
Басылымның басты мақсаты: ғалымдарды, дәрігерлерді, медицина, фармация және медициналық білім саласындағы зерттеулер нәтижесі жөнінде ғылым мен практика саласының аралас мамандарын ақпараттандыру.
Журналдың міндеттері:
Басылымға арналған материалдар қолжазбаларға ұсынылатын талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет. Журналға бұрын жарияланбаған қолжазба ұсынылуы тиіс. Редакция зерттеушілердің, медициналық ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының, жас ғалымдар мен студенттердің жұмыстарын қарастыруға қабылдайды. Журнал үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығарылады.
Этикалық принциптері
Редакторлар. Редакторлар қолжазбаны басылымға қабылдауға немесе оны қабылдамауға құқылы. Жұмысты басылымға жіберу туралы шешім оның өзектілігі, маңыздылығы, түпнұсқалығы мен нақтылығы негізінде қабылданады. Редакторлар мен редакцияның барлық қызметкерлері ұсынылған ақпараттың құпиялылығын сақтауы тиіс. Этика бұзылысына шағым түскен жағдайда редакция туындаған дауды жою үшін келіссөздерге баруы тиіс.
Рецензенттер. Рецензиялау объективті болуы керек. Рецензенттер өз пікірлерін анық, ықшам және дәлелді етіп жазуы тиіс, құпиялылықты сақтауы тиіс, ұсынылған материалдарды қолдануға құқықтары жоқ.
Авторлар. Авторлар түпнұсқалы зерттеулердің нақты нәтижелерін мазмұндайтын қолжазбаларды ұсынуы тиіс. Мәліметтерді бұрмалауға тыйым салынады. Авторлар редакцияның сұратуы бойынша олардың зерттеулерінің бастапқы мәліметтерін ұсынуға дайын болуы тиіс. Плагиаттың барлық түрі әдепсіздікке жатады және оған рұқсат етілмейді. Авторлар басылымдарға сілтеме жасаулары тиіс. Дәйектемелер мен сілтемелер сәйкесінше ресімделуі тиіс.
Еркін кіру саясаты
Дереккөзді дәйектеу барысында журналға міндетті сілтемемен сайтқа ашық кіру мүмкіндігі бар.
Мұрағаттық саясат
Материал бүтіндей журналдың сайтында, сондай-ақ университеттің репозиториінде ашық қолжетімділікпен сақталады.
Рецензиялау саясаты
Редакцияға келіп түскен қолжазбалар екі реттік жасырын рецензиялаудан өтеді.
Авторлық құқық саясаты
Мақаланы жариялау жөніндегі мәселе оң шешімін тапқан жағдайда редакция мен автор арасында журналға жариялауға автордың келісімі бекітілетін авторлық құқықты беру туралы Келісімшарт жасалады.
Журналдың шығу жиілігі
Жылына 4 шығарылым
Баспагер
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.