ĞYLYM ALIANSY - білім және жаңашылдық орталығы!

3468

Бет

20

Мақала

4

Шығарылым саны

2

Жыл

Құрметті   оқырман!

 

  Адамзат  қоғамының  қалыптасуы одан әрі өсіп өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше. Екінші жағынан  ғылым қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Адамның айналасындағы білімді  танып  білуі  күрделі  қайшылыққа,  ұзаққа  созылатыны  және  адамның  жаңа  әрі  тың   білімді   игерумен  байланысты   екені   белгілі.   Ғылым мен білім – ел  дамуының, өркендеуінің  өзегі екенін  әлем әлде­қашан мойындаған аксиома. Ғылым – қоғам дамуындағы үлкен қозғаушы күш екені белгілі. Ел ғылымын дамытудағы ғалымдардың ғылыми жетістіктерін  тәуелсіздіктің жемісі деп бағалауға әбден болады.  Қазақстан дамуы жолында ғылымның дамуы адамзат өркениетінің өлшемі. Біз өмір сүріп отырған  кезең бұл – жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты  талап  ететін  кезең. Бүгінгі  таңда  ғылымда  болып  жатқан өзгерістердің  мәні  мен маңызы  зор. Ғылым мен білім саласы жылдан жылға жақсарып  жаңа нәтижелерге қол жеткізу үстінде. Десек те, жалпы қазақ  ғылымы  өзінің  түп тамырын, ежелгі  заманнан  бастағаны   бүгінгі   зиялы  қауымға аян. 

  Медицинаның дамуы жалпы әлемдік ғылымның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазір қазақ медицина ғылымы даму  жолында  деп айтуға  болады. Ғылыми-техникалық  даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Бүгінде бүкіл әлемнің көзі ғылыми және инновациялық медицинаның  даму  қарқынына  көзделуде.

  Қазақстанда соңғы жылдарда ғылым және білім беру қауымдастығы арқылы халықаралық медицина  ғылымына  енуге  талпыныстар  тізбегі  жалғасуда.

  Дегенмен, халықаралық деңгейге шығу үшін Қазақстандағы медицина ғылымының жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттары мыналар болуы керек: жаңа технологияларды енгізу, жаңа ғылыми білімдерді алу, медицина ғылымының ұлттық және аймақтық басымдықтарын анықтау, медицина  ғылымының жаңа технологияларын енгізу, медицина ғылымының жүйесін дамыту  үшін  барлық  ресурстарды  жұмылдыру,  ғылыми  ресурстарды  тиімді  пайдалану.

  Бүгінгі таңда Қазақстан үшін белгілі мәліметтер базасы арқылы халықаралық ғылыми медициналық зерттеулерге қолжетімділікті кеңейту мәселелері өзекті болып отыр. Халықаралық  қағидаттар мен стандарттарға  сәйкес келетін ғылыми  медициналық  зерттеулер жүйесін құру Қазақстанға тұтастай алғанда елдің, атап айтқанда, медицина ғылымының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  мақсаттарына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.

  Қолдарыңызда «ĞYLYM ALIANSY» атты жаңа ғылыми - практикалық журналдың бірінші  басылымы.

   Журналдың негізгі мақсаты – оқырманды медицина, медициналық білім, жаратылыстану, гуманитарлық, биотехнология  және медициналық мамандықтар саласындағы мамандардың ғылым  мен  тәжірибе  саласындағы  жетістіктері  туралы   ақпараттандыру   болып  табылады.  

«ĞYLYM ALIANSY» жаңа ғылыми-практикалық журналы еліміздің ғылым қоғамдастығы  өміріндегі айтулы оқиғаға айналады, жаңа даму бағыттарын ашады, ғылыми пікірталас сапасына биік меже қояды, сонымен қатар өз авторлары мен оқырмандарын тауып, беделді ғылыми ақпараттық ресурсқа айналады, Қазақстанда және халықаралық ғылыми дәйексөздер индекстерінде  лайықты  орын  алады  деп  шын  жүректен  үміттенеміз...

ĞYLYM ALIANSY

Рецензияланған ғылыми-практикалық журнал

Журнал туралы

GYLYM Alliance журналы медицина, фармация және медициналық білім беру тақырыптарына бағытталған. Журналда түпнұсқа мақалалар, шолулар, клиникалық жағдайлар, Медициналық Білім және медицина тарихы туралы мақалалар жарияланады.

Бас редактор

Абилов Талгар Сатыбаевич

Баспагер

  • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті

Публикации

  • Жиілігі тоқсан сайын: жылына 4 рет
  • Ашық қол жетімділік (Open Access)
  • Жарияланым тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Журналдың ресми тілдері

  • Орыс
  • Ағылшын
  • Қазақ

Баспаға жіберілді

Шолу

Аннотация

Асқазан обырында микросателлиттік тұрақсыздық (МСТ) белгілі бір клинико-морфологиялық сипаттамалармен – ішек типті гистологиялық құрылымымен, ісікті инфильтрациялайтын лимфоциттердің болуымен және аурудың салыстырмалы түрде қолайлы ағымымен байланысты. Бұл шолуда

Методологиялық мақала

Аннотация

Жаһандану заманында адамзат, ұлт, мемлекет жетістігі оның әлемдегі орны күшпен емес, біліммен, ғылыммен өлшенеді. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан үшін жастарымызға ғылыммен ұштасқан білім беру, оларды Адал Азамат етіп тәрбиелеу аса маңызды. Білім беру ісі күрделі әрі жауапты іс екендігін бүкіл әлем

Клиникалық жағдай

Аннотация

Жүректің метастатикалық зақымдануы (ЖМЗ) жүректің бастапқы ісіктеріне қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі: аутопсия деректері бойынша оның жиілігі 2,3–18,3% аралығында және бастапқы ісіктерден 20–40 есе жиі анықталады. Жалпы метастатикалық үдерістің таралуы кезінде жүрек зақымдануы науқастардың

Медицина тарихы

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның медициналық зиялы қауымының өкілдері – Мүбина Ниязова, Гүлсім Асфендиярова және Елизавета Бөкейханованың ХХ ғасырдың басындағы денсаулық сақтау саласын дамытудағы және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі қарастырылады. Зерттеу хронологиясы қазақ

Мерей той

Аннотация

Мақала медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, резидентура жөніндегі декан орынбасары, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қызметкері Құрманалина Гүлнара Лұқпанқызының 60 жылдық