Асқазан обыры кезіндегі жүректің метастатикалық зақымдануы: клиникалық жағдай

Автор(лар):

Көмекбай Ж.Е., Калиев А.Р., Азбергенов Н.К., Gasimov E., Rzayev F.

Жұмыс орны:

  • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан
  • Әзірбайжан медициналық университеті, Баку, Әзірбайжан
  • Библиографиялық сілтемесі:

    Көмекбай Ж.Е., Калиев А.Р., Азбергенов Н.К., Gasimov E., Rzayev F.. Асқазан обыры кезіндегі жүректің метастатикалық зақымдануы: клиникалық жағдай. Ǵylym aliansy. 2025;2(3):107-115.

    Аннотация
    Толық текст
    Авторлар
    Әдебиеттер тізімі
    Қосымша файлдар

    Аннотация. Жүректің метастатикалық зақымдануы (ЖМЗ) жүректің бастапқы ісіктеріне қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі: аутопсия деректері бойынша оның жиілігі 2,3–18,3% аралығында және бастапқы ісіктерден 20–40 есе жиі анықталады. Жалпы метастатикалық үдерістің таралуы кезінде жүрек зақымдануы науқастардың 14,2%-да байқалады. Дегенмен, асқазан обыры кезінде жүрекке метастаз жіберу өте сирек кездеседі. Бұл мақалада асқазанның перстневидті жасушалы, жіктелмеген карциномасы бар 53 жастағы әйелдің жүрек қабаттарының (эпикард, миокард, эндокард) метастатикалық зақымдануы сипатталады. Комплексік зерттеу және аутопсия нәтижесінде лимфа түйіндерінде, бауырда, бүйрекүсті бездерінде, ұйқы безінде және жүректе көпше метастаздар анықталды. Морфологиялық тұрғыдан перстневидті жасушалармен инфильтрация, микротромбоздар, миолиз және кардиомиоциттердің дистрофиясы анықталды. Иммуногистохимиялық зерттеу CK оң экспрессияны көрсетті. Бұл жағдай онкологиялық науқастарда жүрек симптоматикасы пайда болғанда онкоқырағылықтың маңыздылығын және эхокардиография мен ИГХ қолдана отырып ерте диагноз қоюдың, сондай-ақ мультидисциплинарлық тәсілдің қажет екенін көрсетеді.
    Негізгі сөздер: жүректің метастатикалық зақымдануы, перстневидті жасушалы карцинома, асқазан обыры, метастаздар, жүректің қайталама ісіктері

    Толық текст

    Көмекбай Ж.Е. - https://orcid.org/0000-0002-1075-5680

    Калиев А.Р. - https://orcid.org/0000-0003-4192-0025

    Азбергенов Н.К. - https://orcid.org/0009-0001-6328-3883

    Gasimov E. - https://orcid.org/0000-0002-5104-4260

    Rzayev F. - https://orcid.org/0000-0002-8128-1101

    Әдебиеттер тізімі

    Қосымша файлдар