Рахманов С.Б., Сагиндыков Б.Б.
Рахманов С.Б., Сагиндыков Б.Б.. Жол көлік оқиғаларына байланысты жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижелерін бағалау. Ǵylym aliansy. 2025;2(1):35-40
Өзектілігі. Сот-медициналық сараптама барлық сот сараптамалары өндірісіндегі күрделі зерттеу болып саналып, Қазақстан Республикасында жалпы сараптама өндірісінің 75-80% құрайды. Соның ішінде жол – көлік оқиғасына байланысты жүргізілетін сот-медициналық сараптамалардың күрделілігі, сарапшы мамандарға үлкен жүктеме тудырып, сараптаманың осы түріне сәйкес әдістемені оңтайландыруды міндеттейді.
Зерттеу мақсаты. Жол-көлік оқиғасына қатысты мәйітті зерттеу кезіндегі жарақат түрлеріне байланысты сот-медициналық сараптама нәтижелерін бағалау.
Зерттеу әдістері. Зерттеу Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығы өндірісінде 2023 жылдары жүргізілген мәйітті зерттеудің қорытындылары бойынша талдау жүргізу арқылы орындалды. Зерттеу дизайны – ретроспективті зерттеу, тұтас таңдау. Барлығы 2132 мәйіттің сот-медициналық сараптама қорытындылары талданып, зерттеу мақсаты мен міндеттерін шешу үшін жол – көлік оқиғасымен байланысты 190 зерттеу қорытындысы зерттеуге алынды.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде анықталған автокөлік салонының ішінде алынған жарақаттардың өзіндік ерекшелігі болатындығы, жарақаттану шеңберінің ауқымдылығы, тіркескен жарақаттардың басым болатындығы белгілі болып отыр. Біздің зерттеуде анықталған жол-көлік оқиғасына қатысушылар көрсеткішінде негізінен басым жолаушылар алатындығы, ал жүргізуші жарақаттануы көркеткіші аз болатындығы анықталды. Бұл өз кезегінде қатысушылар категориясының ерекшеліктерін білдіреді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей жалпы мәйіттің сот-медициналық сараптамасы үлесінде жол-көлік оқиғасына байланысты сараптамалар 15,8% құрап, жалпы көлік жарақаттарының ішінде автокөлікпен алынған жарақаттар 80% жуық болып отыр. Бұл өз кезегінде жалпы жол-көлік оқиғасы кезінде алынатын жарақаттар, соған қатысты жүргізілетін сот-медициналық сараптама өндірісі үлесінің үлкен екенін көрсетеді. Сонымен қатар, автокөліктермен алынған жарақаттар көлемі бойынша тіркескен, көптік жарақаттардың болуында ішкі мүшелердің зақымдалуы, автокөлік жарақаттарының түрлеріне байланысты да ерекшеліктер болатындығын, жарақат түрлері автокөлікте оқиғаға қатысушының орналасу орнымен де байланыстылығы анықталып отыр.
Қорытынды. Жарақаттардың кездесу жиілігіне, алыну механизміне, сипатына байланысты көлік жарақаттарының түрлеріне қатыстылығын болжауға болады. Жол - көлік оқиғасына байланысты болатын жарақаттар көрсеткіштерін жанжақты талдау, салыстырмалы зерттеулер арқылы осы түріне байланысты сотмедициналық сараптама өндірісіндегі зерттеу әдістемесін толықтыруға болады және сот-медициналық сараптама үлесінде жол-көлік оқиғасымен байланысты болатын жарақат түрлерін саралауда септігін тигізеді.
Негізгі сөздер: жол-көлік оқиғасы, сот-медициналық сараптама, зерттеу әдістері, жарақат түрлері
Толық текст
Рахманов С.Б. - https://orcid.org/0000 0002 0561 5931
Сагиндыков Б.Б. – https://orcid.org/0000 0002 5124 8714
Әдебиеттер тізімі
Қосымша файлдар