Кариев С.С., Абдурахманов К.Д., Курмангалиев О.М.
Кариев С.С., Абдурахманов К.Д., Курмангалиев О.М.. COVID-19 ауруымен ауырған ерлердің спермограммадағы негізгі көрсеткіштерінің жағдайы. Ǵylym aliansy. 2025;2(1):20-26
Зерттеудің мақсаты. COVID-19 инфекциясымен ауырғаннан кейінгі ерлердің шәует сұйықтықтарының негізгі көрсеткіштерін зерттеу.
Зерттеу әдістері. 48 ер адамның шәует сұйықтығына талдау жасалды. Олардың 26-сы анамнезінде COVID-19 жұқтырған және инфекцияның зертханалық растамасы бар ер адамдар. Спермограмманың негізгі көрсеткіштері зерттелді: эякулят көлемі, сперматозоидтардың жалпы саны, сперматозоидтардың концентрациясы, патологиялық формалардың пайызы, шәует сұйықтығының рН және лейкоциттердің концентрациясы.
Зерттеу нәтижелері. COVID-19-бен ауырған пациенттердің спермограмма көрсеткіштері COVID-19 инфекциясымен ауырмаған науқастардың көрсеткіштерінен айтарлықтай ерекшеленді. Оларда эякулят көлемі 2 есе, ал сперматозоидтардың жалпы саны 3,6 есе аз болды. Сәйкесінше, сперматозоидтардың концентрациясы да екі есеге дерлік төмендеген. Шәует сұйықтығының рН жоғарылауы анықталды. Сперматозоидтардың патологиялық формаларының пайызы 2 есе жоғары.
Қорытынды. COVID-19 жұқтырған және қан сарысуындағы IgG SARSCoV-2деңгейі жоғары ер адамдарда фертильділіктің елеулі өзгерістерімен сипатталады. Бұл деректер аймақтағы бала туудың нашарлауын және туу көрсеткішінің төмендеуі мүмкін екенін көрсетеді.
Негізгі сөздер: COVID-19, SARS-CoV-2, ерлердегі фертильность, ер адамдардағы репродуктивті жүйесі
Толық текст
Кариев С.С. – https://orcid.org/0000-0001-5566-2595
Абдурахманов К.Д. - https://orcid.org/ 0009-0006-4799-1077
Курмангалиев О.М. – https://orcid.org/0000-0002-9098-6592
Әдебиеттер тізімі
Қосымша файлдар