Қурманалина Г.Л., Медовщиков В.В., Ешниязов Н.Б.
Қурманалина Г.Л., Медовщиков В.В., Ешниязов Н.Б.. Ad cogitandum et agendum homo natus est Профессор Бекболат Құлжанович Жолдиннің 75 жылдық мерейтойына арналған. Ǵylym aliansy. 2025;2(1):41-45
Бұл мақала Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің көрнекті түлегі, профессоры Бекболат Құлжанұлы Жолдиннің 75 жылдық мерейтойына арналған. Б.К. Жолдин 1979 жылдан бері өзі білім алған университетте қызмет етіп келеді. Ол ассистенттік қызметтен бастап, доцент, дәрігерлер біліктілігін жетілдіру факультетінің деканы, №2 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі және профессоры лауазымдарына дейін жеткен. Оның кәсіби жолындағы маңызды кезеңдер қатарына 1998 жылы Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғауы, 2007 жылы профессор ғылыми атағын алуы, Қазақстандағы алғашқы өңірлік кардиохирургиялық орталықтың ұйымдастырылуына ықпал етуі, кәсіби қауымдастықтардың жұмысын үйлестіруі, 100-ден астам ординатор, резидент, магистрант, аспирант және PhD докторанттарын дайындауы жатады. Сондай-ақ NCD Risk Factor Collaboration, EUROASPIRE V және ESC EORP Heart Failure III Registry сияқты көпорталықты зерттеулерге жетекші зерттеуші ретінде қатысқан. Оның ғылыми еңбектері Lancet, Nature журналдарында жарияланып, жалпы саны 300-ден астам ғылыми жұмысқа авторлық етті. Қазақстанның ең үздік 1000 ғалымының қатарына енген. 2023 жылы профессор Б.К. Жолдин Қазақстан Республикасының рухани және интеллектуалды әлеуетін дамытуға қосқан ерекше жеке үлесі үшін Президент Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
Мерейтой қарсаңында профессор өзінің күнделікті қызметін жалғастырып, клиникалық обходтар жүргізіп, резиденттер, магистранттар мен докторанттарды оқытып, созылмалы коронарлық синдромның эпидемиологиясы бойынша EUROASPIRE VI көпорталықты зерттеуіне жетекшілік етіп келеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан өңірінде жүрек жеткіліксіздігі мен жедел коронарлық синдромның тіркеу жүйесін құруға жетекшілік етеді. Қазақстан кардиологтар қауымдастығының Ақтөбе филиалының директоры ретінде практикалық денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлерге арналған мастер-кластар мен семинарлар ұйымдастырады.
Негізгі сөздер: Батыс Қазақстан медицина университеті, тарих, мерейтой, Жолдин
Толық текст
Курманалина Г.Л. - https://orcid.org/0000-0002-0937-2949
Медовщиков В.В. – https://orcid.org/0000-0001-5996-8305
Ешниязов Н.Б. – https://orcid.org/0000-0002-5389-754X
Әдебиеттер тізімі
Қосымша файлдар