Шолу
Аннотация
Антибиотиктерге төзімділік — бұл медицина мен ауыл шаруашылығында антибиотиктердің шамадан тыс және бақылаусыз қолданылуына байланысты туындаған жаһандық денсаулық сақтау үшін елеулі қауіп. Антимикробтық препараттарды дұрыс тағайындамау, медициналық мекемелердегі санитарлық
нормалардың сақталмауы және қоршаған ортаның ластануы төзімді бактерия штаммдарының таралуына ықпал етеді. Жаңа антибиотиктерді әзірлеу көптеген қиындықтарға тап болады, олардың қатарында төзімділіктің тез дамуы және тиімді қосылыстарды табудағы қиындықтар бар. Антибиотиктерді іздеудің дәстүрлі әдістері өз мүмкіндігін сарқып бітті, ал жүйелік биология мен антибиотиктерді ашу платформалары секілді заманауи технологиялар әлі де серпінді нәтиже берген жоқ. Жасанды интеллект (ЖИ) жаңа бактерияға қарсы препараттарды әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Терең оқыту алгоритмдері химиялық қосылыстарды талдап, олардың биологиялық белсенділігін болжайды. Мұндай мысалдардың бірі — бактерияларда төзімділік дамуын болдырмайтын ерекше әсер ету механизмі бар галицин препаратының ашылуы. ЖИ сонымен қатар емдеу сызбаларын оңтайландырып, терапияны дербестендіреді және жанама әсерлер қаупін азайтады. Дәрілік қосылыстардың виртуалды скринингі жаңа препараттарды әзірлеу процесін жеделдетіп, шығындарды азайтады және тиімділікті арттырады. Болашақ зерттеулер ЖИ үлгілерінің интерпретациясын жақсартуға бағытталады, бұл оларды медицинада неғұрлым дәл әрі қауіпсіз қолдануға мүмкіндік береді
Аннотация
Бұл мақалада әртүрлі елдердегі инсультпен ауыратын науқастарды оңалту тұрғысынан зерттеу денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің өзекті тақырыбы болып табылатыны қарастырылады. Инсульт ауруының әлемнің әртүрлі елдерінде таралуына бағытталған. Медициналық оңалту сапасын
жақсарту үшін әртүрлі елдерде қолданылатын зерттеулер мен инновацияларды талдайды және осы саланың тарихы мен анықтамасы, негізгі принциптері мен құндылықтары, сондай-ақ инсульпен ауыратын науқастардың денсаулық деңгейі мен өмір сапасына әсері талданады. Осы саладағы зерттеу әртүрлі елдердегі оңалту кешеніндегі көзқарастардағы айырмашылықтарды анықтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы инсульт ауруының көрінісін бағалауға мүмкіндік береді. Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау жүйелері инсультпен ауыратын науқастарды қалпына келтіру нәтижелерін жақсартуға ұмтылған сайын, оңалтудың динамикасын түсіну барған сайын маңызды бола түсуде.
Аннотация
Метеорологиялық фактордың өзгеруі магниттік толқындардың таралуына әкеледі. Арнайы синоптиктердің зерттеулері бойынша төменгі қабатта ұсақ қатты бөлшектер – магниттік шаң бөлшектері бар. Зерттелетін электромагниттік толқындар ағзаның ішкі ортасында қайтымсыз патологиялық өзгерістерді тудыруы
мүмкін. Соңғы жылдардағы атмосфералық қабаттағы өзгерістер ауа температурасын қалыптан тыс өзгертті, ауа қысымы мен тығыздығының жиі ауытқуы, интернет толқындарының (бұл толқындар әдетте ауа қабаттарында жойылуы керек) көбеюіне әкелді. Ауадағы магниттік толқындардың ауытқуы адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Клиникалық жағдай
Аннотация
Қазіргі уақытта сот-медициналық әдебиеттерде сынықтардың жасын тек қабырғалар мен сынықтың шеттерінде фрактографиялық белгілердің болуы арқылы анықтауға болады. Ал бас сүйегі сүйектерінің сынуының күрделі емдік процестерде қалыптасу жасын диагностикалау сот-медициналық
әдебиеттерде іс жүзінде жоқ. Мақалада емдеу процесі іріңді инфекцияның қосылуымен бірге жүретін, емдеу процесін қиындатқан тәжірибеден алынған жағдай келтірілген. Сүйек сынығын зерттеген кезде сот-медициналық сарапшылар тек ескіру мерзімін ғана ұсынады.
Сондықтан бас сүйек сынықтарының түзілуің нақты мерзімін сынық жиектерінің морфологиялық белгілерінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ мәйітті зерттеуде анықталған сыртқы және ішкі барлық зақымданулар мен олардың іздерінің жиынтығы арқылы ғана анықтауға болады деп есептейміз.
Медициналық білім
Аннотация
Қазіргі әлемде цифрлық технологиялар өмірдің барлық аспектілеріне, соның ішінде кәсіби қызметке енеді, бұл бұрын мансаптық табыстың негізі болып саналған дәстүрлі дағдыларды қайта қарау және дамыту қажеттілігіне әкеледі. Технологиялардың қарқынды дамуына, процестерді цифрландыруға және
жасанды интеллектті енгізуге байланысты жаңа сын-қатерлер мен талаптар пайда болуда.
Мақалада психологиялық әл-ауқатын сақтай отырып, заманауи қиындықтар мен өзгерістерге сәтті бейімделе алатын медициналық мамандықтардың студенттерін даярлау үшін цифрлық дәуірде кейс әдісін қолдану ерекшеліктерін зерттеу мақсаты көзделген.
Мақалада цифрлық технологияның кәсіби дағдыларға әсеріне байланысты негізгі тенденциялар мен қиындықтар талданады. Цифрландыру және технологиялық қайта құру талаптарына сәйкес келетін медициналық мамандықтар студенттерінің жаңа құзыреттерін дамыту қажеттілігі атап өтіледі.
Кейс әдісін қолдану оның сыни ойлау, аналитикалық қабілеттер, әлеуметтік, көшбасшылық құзыреттер сияқты кәсіби дағдыларды қалыптастырудағы тиімділігін көрсетті. Таңдалған тәсілдер мен әдістер білім беру процесінде осы әдістің артықшылықтарын, сондай-ақ оның әлеуетін, болашақ медицина мамандарының цифрлық әлемнің шындығына қарай жеке басының әл-ауқатының өсу мүмкіндіктерінің бірі ретінде ашады.
Зерттеу аясында кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін кейс әдісін және басқа да инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестер әзірленді. Кейстерді әзірлеу, оқытуды ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Осылайша, сандық құралдармен біріктірілген кейс әдісі медициналық мамандықтардың студенттеріне цифрлық өзгерістер дәуірінде кәсіби іске асыру үшін қажетті дағдыларды сәтті меңгеру арқылы өз әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін қуатты білім беру құралы болып табылады.
Медицина тарихы
Аннотация
Мақала Марат Оспанов атындағы БҚМУ-дің медициналық және биологиялық химия кафедрасының қалыптасуына және дамуына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қосқан үлесі туралы тарихи шындықты сақтау, сонымен қатар олардың ғылыми дәстүрлерді, педагогикалық мектепті және аймақтағы жоғары
медициналық білім беру жүйесін қалыстастырудағы айтарлықтай рөлін көрсетуге арналған.
Аннотация
Мақалада ғалым, тұлға, саясаткер М. Оспановтың еңбектері, өмір жолы жайында толыққанды мәліметтер қамтылды. Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға ретінде оның ғылыми және қоғамдық қызметі жанжақты талданды. Мақсатымыз — М. Оспановтың ел дамуына қосқан
елеулі еңбектерін, оның өнегелі өмір жолын жастарға үлгі ету, таныстыру. Зерттеу барысында тарихи құжаттарға, естеліктерге, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, нақты әрі жан-жақты ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы жолында ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатарында М. Оспановтың орны айрықша. Ол — егемен еліміздің алғашқы Парламент Мәжілісінің төрағасы ретінде заң шығару билігінің іргесін қалауға, құқықтық жүйенің негізін қалыптастыруға атсалысқан көрнекті тұлға. Сонымен қатар, ол терең білімді экономист, ұзақ жылдар Ақтөбе медицина институтында қызмет жасаған ұстаз, ғалым ретінде де танымал. М. Оспановтың саяси және ғылыми қызметі Қазақстан тарихының өтпелі кезеңімен тұспа-тұс келіп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған көптеген реформалардың бастамашысы болды. Оның мемлекеттік басқару, салық жүйесі, бюджет құрылымы және парламентаризм жөніндегі еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады.