Медицина тарихы

Аннотация

Қазақ қыздары арасынан шыққан алғашқы жоғары білімді дәрігер Аққағаз Досжанова туралы деректер жан-жақты талданды. Тәуелсіздік жылдарындағы бір жетістігіміз – жоғалтқанымызды іздеп табу, өшкенімізді жаңарту, барымызды көрсету болды. Бұған елімізде кеңінен қолға алынған ҚР Президентінің «Мәдени мұра» және «Рухани Жаңғыру» бағдарламалары негізінде жүзеге асырылған шаралардың септігі тиді.

Шолулар

Атопиялық дерматиттің патогенезі мен терапиясының заманауи аспектілері: әдебиеттерге шолу

Г.М. Изтлеуова, Р.К. Алиева, А.З. Жангиреева, А.З. Қабланбек, А.Қ. Қайырбек, А.А. Муканова, А.Ы. Берекет

Аннотация

Бұл мақалада балалар мен ересектер арасында осы аурудың пайда болу жиілігінің статистикасын келтіре отырып, атопиялық дерматиттің таралу проблемасының негізгі мәселелерін қозғайтын дәлелді медицина принциптеріне негізделген заманауи әдебиеттерге шолу жасалады. Мақалада осы ауруға

Медицинадағы виртуалды және толықтырылған шындық: білім мен тәжірибенің жаңа белестері

А.Н. Сейпенова, Ш.С. Жакиева, И.Е. Есенгалиева, Г.Е. Кузденбаева, А.А. Хайруллина, А.Ә. Көлбаева

Аннотация

Бұл мақалада білім беру және медициналық практикалық процестер саласында виртуалды және толықтырылған шындықты пайдаланудың өзектілігі көрсетіледі. Бұл технологиялардың болашақ қызметкерлерді оқытудағы және медицина қызметкерлерінің қызметін оңтайландырудағы маңыздылығы шетелдік мысалдар негізінде талқыланады.

Ішек дисбиозын диагностикалаудың себептері мен тиімді әдістері

Ю.В. Червинец1, С.С. Курмангалиева2, Е.В. Зевалкина2, А.Ш. Сарбулатова2, А.К. Алпамыс2, Р.Н. Жанаманова2

Аннотация

Дисбиоздың себептері экзогендік және эндогендік факторларды қамтиды. Сондықтан, дисбиоз адамға әртүрлі әсерлердің көрінісі болуы мүмкін, бірақ нәтижесінде – бір жағынан қалыпты микрофлораның міндетті өкілдерінің жоғалуына немесе азаюына және әдетте шамалы мөлшерде кездесетін оппортунистік микробтардың көбеюіне әкеледі. Қазіргі динамикалық өзгеретін өмір сүру жағдайында дәрігерлер диагноз қою және кейінгі емдеу кезінде кешенді диагностикалық шараларды жүргізу үшін микробиоценоздың өзгеруін ескеруі керек.

Клиникалық жағдай

Туа біткен лейкоздың клиникалық жағдайы

Г.Ю. Евстифеева, З.А. Ветеркова, А.Н.Рощупкин, Л.В. Могильницкая, А.М. Кочиев, Е. В. Кузнецова

Аннотация

Бұл мақала туа біткен лейкозы бар науқастың клиникалық мысалы жағдайында қарастырылған қазіргі неонатологияның өзекті мәселесіне арналған.
Туа біткен лейкоз лейкоздың өте сирек кездесетін және ең ауыр, сыни түрі болып табылады, бұл ерте неонатальды кезеңде балалардың жоғары өліміне әкеледі.