Созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсету жағдайында Қазақстанда мейірбике ісін дамыту перспективалары

Автор(лар):

М.Т. Зинел, Ұ.М. Бахытжан

Жұмыс орны:

  • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан
  • Библиографиялық сілтемесі:

    Зинел МТ, Бахытжан ҰМ. Созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсету жағдайында Қазақстанда мейірбике ісін дамыту перспективалары. Ǵylym aliansy. 2024;1(3):61-67.

    Аннотация
    Толық текст
    Авторлар
    Әдебиеттер тізімі
    Қосымша файлдар

    Созылмалы аурулары бар пациенттерді күту модельдерін дамыту қазіргі заманғы медицинаның негізгі аспектісі болып табылады. Бұл салада ауруларды емдеу және басқару әдістерін жетілдіруге бағытталған зерттеулер белсенді жүргізілуде. Бұл шолуда күтімнің Chronic Care Model (CCM) және Innovative Care for Chronic Conditions (ICCC) сияқты негізгі модельдері ұсынылған, сондай-ақ оларды әртүрлі елдерде табысты іске асырудың практикалық мысалдары қаралған. Осы үлгілерді іске асыруда мейіргерлердің рөліне, сондай-ақ созылмалы аурулары бар пациенттерді күту шеңберіндегі олардың міндеттеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Қазақстанда мейіргерлік істің қалыптасу және даму тарихы, сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлік персоналдың рөлі қаралды. Басқа мамандармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуді және шетелдік тәжірибені жергілікті жағдайларға бейімдеуді қоса алғанда, мейіргерлік персоналдың ғылыми-зерттеу қызметінің әдістері сипатталған.

    Қорытындыда созылмалы аурулары бар пациенттерге күтім жасауға түрлі тәсілдерді ықпалдастырудың маңыздылығы және осы салада одан әрі зерттеу жүргізу қажеттігі атап өтілген. Мейіргерлік іс пен күтім модельдерін дамыту сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуде және Қазақстанда және одан тыс жерлерде созылмалы ауруларды емдеудің тиімділігін арттыруда негізгі рөл атқарады.

    Негізгі сөздер: мейірбике ісі, созылмалы аурулар, күтім үлгілері, пәнаралық тәсіл, медицина қызметкерлері

    Толық текст

    Зинел М.Т. – https://orcid.org/0009-0005-3609-0946

    Бахытжан Ұ.М. – https://orcid.org/0009-0009-1865-1534

     

    Әдебиеттер тізімі

    Қосымша файлдар