Курганбекова М.Б., Таушанова М.К., Турдалина К.Б., Достанова Ж.А.
Курганбекова М.Б., Таушанова М.К., Турдалина К.Б., Достанова Ж.А. Становление центра совершенствования сестринского дела. Ǵylym aliansy. 2024;1(2):105-109.
Бұл мақалада Қазақстанда мейіргер ісін реформалау кезеңдері мен мейіргер ісін жетілдіру орталығының қалыптасуы сипатталған. Осы даму барысында халықаралық стандарттарға сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің мақсатты салаларына қол жеткізілген. «Денсаулық сақтауды реформалау арқылы мейіргер ісінің жоғары білім беруінің әлеуеттілігін арттыру» жобасы мейіргерлік іс саласында болып жатқан өзгерістерді қолдау мақсатында ойластырылған. Қазақстанның денсаулық сақтау саласында мейіргерлік тәжірибені дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мейіргер ісі бойынша ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда медициналық ЖОО-дың рөлін, Қазақстанның денсаулық сақтау мейіргер ісінде көшбасшылықты және басқару жүйесін дамытуға, жоғары білім беру жүйесінде мейіргер ісін магистратура және PhD докторантура деңгейінде жетілдіруге бағытталған.
Негізгі сөздер: мейіргер ісі, мейіргер ісін реформалау, нормативтік-құқықтық база, мейіргерлік білім, мейіргер ісін жетілдіру орталығы
Мейіргер ісі – бұл денсаулық сақтау жүйенің ажырамас бөлігі, денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, психоәлеуметтік көмек, физикалық және (немесе) психикалық ауруы бар, сондай-ақ еңбекке жарамсыз барлық жас топтары бойынша қызметті қамтиды [1]. Мейіргер қызметі – медициналық персоналдар құрылымында көптеп саналатын санат, (Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымынның деректері бойынша) денсаулық сақтау саласы мамандарының 60%-ын мейіргерлер құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 75%-ды құрайды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен пациенттер арасындағы байланыстың 90%-ы мейіргерлердің үлесінде. Келтірілген деректерге сүйенсек, көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі мейіргерлердің кәсібилігіне, біліктілігіне және мамандарды даярлау деңгейіне байланысты екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі қарқынды реформалану кезеңінде, осыған байланысты орта медициналық қызметкерлерден байсалды болуды, білім деңгейлерін үнемі жаңартып отыруды талап етеді, онсыз тәжірибеге жаңа тиімді технологияларды енгізу мүмкін емес [2].
Әлем елдеріндегі мейіргер ісінің дамуы әртүрлі деңгейлерде және мәселелердің шешімімен айналысуға үлкен ниет білдіруде, үкімет тиімді көмекке қолжетімділікті жақсарту мақсатында барлық медициналық қызмет көрсету аумағын нығайту қажеттілігі туралы түсінді, бұл сөзсіз халықтың денсаулығын жақсартуға әкеледі [3].
Қазақстан Республикасында (ҚР) мейіргер ісі жеке пән ретінде емес, тек медицинаның көмекші бөлігі ретінде дамыған, ғылыми базаларға емесі кеңестік кезеңдегі мемлекеттерге тән дәстүрге негізделген. Елімізде мейіргер ісіне көптеген онжылдықтар бойы тиісті көңіл бөлінбеді, денсаулық сақтау жүйесінің осы саласының көптеген шет елдердің қазіргі заманғы ғылым мен жаңа медициналық технологиялардың даму деңгейінен артта қалуы, дайындалған мейіргерлер жұмыстан шығуы және орта медициналық кадрларының тапшылығы салдарынан Қазақстандағы мейіргерлік көмек сапасының төмендеуіне себеп болды [4].
1990-шы жылдары Қазақстанда мейіргер ісінің дамуын жеделдету мақсатында иерархиялық құрылым (Министрлік пен денсаулық сақтау басқармаларында бас мейіргер лауазымын енгізу), қоғамдық институттар (мейіргерлер мен акушерлер қауымдастығын құру), жоғары мейіргерлік білім құру арқылы әрекеттер жасалды. Алайда мейіргер қызметкерлерін ұйымдастыру мен басқарудың көптеген аспектілері, өз деңгейінде дамуына кедергісін туындатты мысалы, мамандардың құзыреттілік деңгейінің жеткіліксіздігі, кәсіби өсу мотивациясының төмендігі, бедел мен мамандықтың әлеуметтік мәртебесінің төмендігі, мейіргер ісін реформалаудағы дамыту стратегияларының біртұтас болмауы Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісінің мәселелері болып қалды. Осы мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамыту 2005-2010 жж реформалаудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілді. Оның аясында көптеген мәселелер орындалды, оның ішінде кадр әлеуетін реттейтін нормативтік-құқықтық база: лауазымдар номенклатурасы оңтайландырылды, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдары мен медициналық мамандықтарның біліктілік сипаттамалары жетілдірілді
[5, 6].
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиялық бағдарламасын іске асыру кезеңінде шетелде медицина кадрларының біліктілігін жоғарылатуға, шетелдің алдыңғы қатарлы мамандарын тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінді [4].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мейіргер қызметтерінің тұрғынға қолжетімді медициналық көмекке қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі өсіп келе жатқандығын көрсетеді.
Мейіргер ісін нығайту мен дамытуды қолдау көрсету бойынша ДДҰ растайды:
Басқа елдердегі мейіргерлік істің даму тәжірибесі, мейіргер персоналдардың қызметтері өзгерген, дәстүрлі практиканың орнына ауруханаларда көмектің аурумен байланысты ғана емес, сонымен қатар жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен қолдау мәселелерін қамтитын көмектің жаңа түрлері көрсетіле бастады.
Елімізде мейіргерлік істі дамыту ҚР Денсаулық сақтау министрігінің стратегиялық мақсаттарының бірі және саланы жалпы біліктілік құзыреттерін бойына сіңірген жоғары білікті мейіргер мамандармен қамтуға арналған. Осы мақсатқа жету үшін Денсаулық сақтау министрігі Еуропалық мәліметтерге сәйкес және мейіргерлер қызметін тиімді басқаруды енгізуге сәйкес мейіргерлік іс мамандарын даярлаудың барлық деңгейін дамыту жөнінде шаралар қабылдады [9].
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы мейіргер ісі мамандарының мәртебесі мен рөлін арттыру сонын ішінде: клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар және операциялық процедуралар стандартын (ОПС) енгізу, өз бетінше қабылдауды бекіту және оларға қосымша дәрігерлік функцияларды беру арқылы кеңейтілген практикадағы орта медицина жұмыскерлерінің рөлін күшейту, сонымен қатар мейіргерлік істі басқару мен дамытуға қатысты кешенді шаралар қамтылған [10].
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 127-бабында клиникалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтарға сәйкес мейіргерлік қызмет, науқастың жай-күйін бағалауды, мейіргерлік диагноз қоюды, мейіргерлік араласу жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіптік мейіргерлік күтімді жүзеге асыру құқығы айқындалған [11].
Мейіргерлік іс мамандығы бойынша орта мейіргер қызметінен бастап мейіргер ісі бойынша PhD докторға дейінгі маман даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Қолданбалы және академиялық бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның интеграцияланған бағдарламалары әзірленді, соның ішінде жұмыс істеп жүрген мейіргерлерге орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғарғы оқу орындарынан (ЖОО) кейінгі мейіргерлік білім алуларына мүмкіндік беретін жеделдетілген және икемді білім беретін бакалавриаттың жеделдетілген бағдарламалары да бар. Аталған траекториялық бағдарламалар мейіргерлер құзыреттілігін дамыту арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді мейіргерлік көмекті қамтамасыз етеді. Елімізде ғылыми, педагогикалық мейіргер мамандарға деген сұраныс жоғары. Жоғары мейіргерлік білім беруді дамыту, сондай-ақ, магистратура және PhD докторантурада деңгейінде мейіргерлер даярлау, педагогикалық және ғылыми құзыретті қамтамасыз етуде, мейіргер ісі бойынша оқытушыларды даярлау, мейіргер ісінде және тәжірибеде маңызды [9].
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаналы индикаторларының бірі: орта медицина қызметкерлерін үш тұғыр (ғылым, білім және клиникалық практика) негізінде даярлау, мейіргер ісінде магистрлер мен PhD докторларын даярлауға мемлекеттік тапсырыс орналастыруды арттыру. Жергілікті атқарушы органдар кадр саясатын дамытуға, қажеттілікті қанағаттандыруға, өңірдің орта медицина жұмыскерлерін даярлауға мемлекеттік тапсырысты жоспарлауға және орналастыруға жауапты болады. Кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау жалғасатын болады. Жалпы практика дәрігерінің / отбасылық дәрігердің кейбір функциялары біртіндеп кеңейтілген практика мейіргерлеріне беріледі, бұл медициналық көмектің сапасын арттыруға, дәрігердің күнделікті жүктемесін ішінара азайтуға мүмкіндік береді. «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер кадрларының жалпы санындағы кеңейтілген практика мейіргерлерінің (қолданбалы және академиялық бакалавриат бағдарламалары бойынша дайындалған) үлесі» (2025 жылға қарай 7%) болып табылады [10].
Аталған міндетті шешу барысында елімізде мейіргер ісін дамыту және жоғары білім беру саласында әлеуетті арттыру мақсатында «Қазақстан – AccelEd жоғары білім беру жүйесінде мейіргер ісін магистратура және PhD докторантура деңгейінде жетілдіру» жобасы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі мейіргер ғылымы мен зерттеулерін реформалауға, Қазақстандағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы Денсаулық сақтау мен жоғары білім беру практикасын басқаруды, менеджментті және функциясын жаңғыртуға бағытталған жобасы мен AccelEd жобасының мақсаттары мен міндеттері жоғары мейіргерлік білімге қатысты мәселелер мен қиындықтар және жобаның мақсатты топтарының нақты қажеттіліктері негізінде құрылды. Академиялық персоналдар мен саясаткерлерді қоса алғанда, ұлттық, жергілікті және халықаралық мүдделі тараптардың кең ауқымы жобалық өтінімді әзірлеуге қатысты, сол арқылы Қазақстанның ұлттық контексі үшін өзектілігін ескере отырып, қойылған міндеттерді шешудің мақсаттары мен жүзеге асырылуына қол жеткізуді қамтамасыз етті.
«Денсаулық сақтауды реформалау үшін мейіргер ісі саласындағы жоғары білім берудің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу – ProInCa» жобасы Эрасмус+ жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылды. Жобаның ауқымды мақсаты мейіргер ісін жаңғырту үшін Қазақстанның медициналық университеттерінің тұрақты инновациялық әлеуетін дамыту болды. Жоба жоспары 2016 жылдың күзінде дайындалып, 15.10.2017 – 31.01.2021 жылдар аралығында іске асырылды [8].
Осы жоба аясында Қазақстанда Мейіргер ісін жетілдіру орталықтары құрылды (МІЖО). МІЖО – ның басқарушы органы серіктес университеттердің ректорлары мен "Парыз" мейіргерлер қауымдастығы мен медициналық колледждер қауымдастығының президенттерінен тұратын консорциум кеңесі болып табылады. МІЖО құрылымына 5 аймақтық және Орталық кеңсе кіреді. Орталық кеңсе - Астана медицина университеті мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебі басқаратын үйлестіру кеңсесі. 5 өңірлік кеңселер – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Семей медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Қарағанды медицина университеті және Қазақ ұлттық медицина университеті. Жалпы орталықтың негізгі миссиясы – адамдардың денсаулығын, медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін мейіргерлердің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы мейіргерлік тәжірибені жақсартуға үлес қосу.
МІЖО аймақтық кеңселерінің қызметтері:
Орталықтың міндеттері мен қызметтері: МІЖО мейіргерлік тәжірибе, мейіргерлік білім және мейіргерлік зерттеулер арасындағы ынтымақтастық пен байланыс орнату алаңы ретінде қызмет етеді. МІЖО білімді белсенді түрде жинайды, насихаттайды және бөліседі (Оқу материалдары, үздік тәжірибелер, клиникалық мейіргерлік ұсыныстар және мейіргерлік зерттеулердің нәтижелері). МІЖО мейіргер ісінің өзекті мәселелері бойынша әлеуетті арттыруды ұйымдастыруға арналған платформаны ұсынады. МІЖО ның негізгі электрондық www.nursekz. com. платформасы шеңберінде желілік Ұйымдық құрылым ретінде қарастырылады. www.nursekz.com. ұжымдық жұмыс үшін тегін веб-беттен және Moodle қорғалған платформасынан тұратын МІЖО электрондық платформасы мейіргерлерге, студенттерге, мейіргер оқытушыларына, мейіргер зерттеушілеріне және мейіргер ісіндегі басқа да мүдделі тұлғаларға арналған барлық ақпараты бар қызмет болып табылады [9]
Мейіргер ісін жетілдіру орталығы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде 2021 жылдың қаңтар айында ашылды. Коммерциализация негізінде барлық деңгейдегі мейіргерлердің, университеттердің, колледждердің, мейіргер оқытушыларының, сондай-ақ «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистрлердің біліктілігін арттыру, мастер кластар, семинарлар, тренингтер ұйымдастырады.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Ресей мейіргерлер қауымдастығы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымының президенті, Финляндия, Польша, Ақтөбенің орта медицина қызметкерлерінің халықаралық сарапшылары: Жоғары мейіргерлік білімі бар профессор-оқытушылар құрамының жеткіліксіз саны бойынша, негізгі жинау алаңы ретінде мейіргер ісін жетілдіру орталығын ілгерілету (платформада www.nursekz.com), және материалдарды насихаттау, ҚР-да озық тәжірибелер орталықтарын кеңінен енгізу және ашу, практикалық денсаулық сақтаудағы көшбасшылық және менеджмент бойынша құзыреттерді іске асыру мәселелері қаралып талқыланды. Конференция жұмысына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларының, АМСК ұйымдарының, медициналық жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары медициналық колледждердің өкілдері және 500 ден аса мейіргерлер қатысты.
Ақтөбе облысының медбикелер қауымдастығы, сондай-ақ «Gaudeamus» халықаралық холдингі арасында қол қойылған Меморандум МІЖО қызметкерлерінің Ақтөбе облысының және ҚР басқа да облыстарының мейіргерлерінің ақпараттық базасын құруға мүмкіндік берді. 2023 жылдың ақпан айынан бастап МІЖО сертификаттарды есепке алу үшін белгіленген нысанды тіркеу журналын ресми түрде алды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Мейіргер ісін жетілдіру орталығының базасында мейіргерлерді ресми және бейресми оқытуды өткізу жөніндегі жұмыс жоспары www.nursekz.com. порталында орналастырылған МІЖО базасында мейіргерлерді оқытуға сұраныс географиясы бүкіл Қазақстан бойынша кеңейіп келе жатқандығын айта аламыз. Жалпы Қазақстан Республикасында барлық деңгейдегі мейіргерлерді ресми және бейресми оқытуды жүзеге асыратын 91медициналық колледж және 7 медициналық ЖОО - дары бар.
Сурет. Мейіргер ісін жетілдіру орталығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігінің 005-бюджеттік бағдарламасын оқыған мейіргерлер саны.
2023 жылдың қырқүйек айында МІЖО алғаш рет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің 005-бюджеттік жобасына қатысып, 5 бағдарлама бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын жеңіп алды. Батыс Қазақстан бойынша 305 мейіргер оқытылды (суретте).
2023 жылдың желтоқсан айында Әділет министрлігінің тапсырымен сот медициналық сараптама мамандығы бойынша 31 орта медицина кызметкерлерін оқытты. МІЖО базасында 2021 жылдан 2023 ші жыл арасында үш мыңнан аса мейіргерлер біліктіліктерін жетілдірді.
Мейіргер ісін халықаралық стандарттар деңгейіне дейін дамыту – қоғамның қазіргі даму деңгейінің міндетті талабы. Мейіргер ісінің даму дәрежесі қоғам денсаулығының көрсеткіштерін арттыру құралдарының бірі болып табылады. Әрбір мейіргердің мансаптық өсуінің сәтті кепілі тәжірибе, үздіксіз оқу және ғылыми зерттеулерге қатысу болып табылады. Елімізде ғылыми, педогогикалық мейіргер мамандарға деген сұраныс жоғары. Жоғары мейіргерлік білім беруді дамыту, сондай ақ, магистратура және PhD доктарантура деңгейінде мейіргерлер даярлау, педагогикалық және ғылыми құзыретті қатамасыз етуде, мейіргер ісі бойынша оқытушыларды даярлау мейіргер ісінде және тәжірибеде маңызға ие. Мейіргер ісі мамандағының даму қарқыны денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлер рөлін айтарлықтай нығайта түсті. Мейіргерлік істің ғылыми көзқарасқа және тәжірибеге негізделген қазіргі заманғы теориялары мейіргерді мейіргерлік шешімдерді өзі қабылдайтын, мейіргерлік құжаттарға тиісті жазбаларды жаза отырып, мейіргерлік күтімді жоспарлайтын және жүзеге асыратын дәрігердің тең құқылы серіктесі ретінде көрсетеді.
Курганбекова М.Б. – https://orcid.org/0000-0002-3739-2365
Таушанова М.К. – https://orcid.org/0000-0002-0165-9312
Турдалина К.Б. – https://orcid.org/0000-0002-1665-2578
Достанова Ж.А. – https://orcid.org/0000-0002-2531-7106
Spisok literatury:
kz/kaz/docs/K2000000360. [in Kаzakh]
Қосымша файлдар